Бейсенбі күнгі барлық дерлік басылым назарында тағы да Алматыға келген Бейжің Олимпиадасының алауы. Оппозициялық «Свобода слова» апталығы «Олимпиада алауын көнеден келе жатқан дәстүр бойынша спортқа еңбегі сіңген азаматтар алып жүру керек еді, ал бізде алау алып жүрушілер арасында қайдағы бір шенеуніктер, Машкевич сынды бизнесмендер мен президент әкімшілігінің адамдары да болғаны несі? Қай елдің президенті алау алып жүгіріп еді? Оның күйеу баласы - Темір Құлыбаев... Егер осында болса президенттің үлкен күйеу баласы - Рахат Әлиев те осы тізімде болар еді» деп жазыпты.
«Алма-Ата инфо» апталығы «Егер Әлиев мырза тоғыз жыл бойы қылмыстық топты басқарса, онда оны неге енді ғана соттап жатыр?» деген сұрақ қойып, «Алматы әкімі «Алма-Ата инфо» газетін жабуға әрекеттеніп жатыр» деп жазыпты.
Оппозициялық «Тасжарған» апталығы «Олжасқа ешкім қарсы шыға алмас еді» деген мақаласында: «Невада – Семей» қоғамдық қоры құрылғанда, Олжас қордың ақшасына 70-тей коммерциялық фирмалар ашып, ал олардың басшысына қазіргі миллиардерлер Ибрагимов, Шодиев, Машкевичтерді тағайындаған еді» дей келіп, «Олжастың сол кездегі былықпайлары тексеріс барысында әшкереленіп, сотқа тартылар кезде президент араласып, ол істі басып еді. Сондықтан Олжас ешқашан билікке қарсы шықпайды» депті.
«Қазақстан ZAMAN» апталығы «Денсаулық сақтау министрлігі бала денсаулығын сақтай алмай отыр» деген мақаласында «Қазақстандағы 4 миллионнан асатын балалардың 25 пайызының денсаулығы жоқ» деп жазыпты. Осы газет «Көксарайдың» салынуына Сыр өңірінің халқы да қарсы» деген үлкен мақала басып, онда осы мәселеге қатысты облыс әкімі, бірқатар депутаттар мен ғалымдардың пікірін беріпті. Ал «Көп әйел алу мәселесіне қазақ не дейді?» деген мақаласында газет, осы мәселеге әр қырынан келіп көріпті.
Бұл мәселеге «Свобода слова» апталығы «Әйелдер туралы емес, балалар туралы ойлау керек» деген мақаламен ат салысыпты.
Оппозициялық «Тасжарған» апталығы «Енді бізді ата бастады» деген бас мақаласында, жақында газет редакциясының терезесін белгісіз біреулердің екі рет атып, сындырып кетуін, «ол бізге тұспалдап жасаған ескерту» деп бағалапты. Осы апталықтың «Италиянша жұмыстан қуу» деген мақаласында, мұнай саласындағы Италиялық «Сайпем» компаниясы Қазақстандық бір азаматқа алдымен намаз оқуға тыйым салып, кейін оның жұмыстан қуылғаны туралы жазыпты. Газет «Уайым» айдарымен Амангелді Кеңшіліктің «Қазақты сүю» мақаласының жалғасын басыпты. Онда автор «билік қазақты сүймейді» деген тұжырым айтса, ақын, баспагер - Мылтықбай Ерімбет, екінші бір мақалада: «Қазақтың құнын жоқтайтын шенеунікті көрген жоқпын» депті.
Ал «Түркістан» апталығында жазушы Смағұл Елубайдың «Басты мәселе – «қазақ мәселесі» деген мақаласында автор: «Қазақстанда қазақ мәселесі шешілмей, өзге ұлыстардың да мәселесі шешілмек емес. Үй қожасы тынышталмай қонақтың жағдайы болмақ емес» деген тұжырым айтыпты.
«Ана тілі» газеті «үштұғырлы тіл» жобасына: «тұғыр – біреу, қалғаны – тіреу» деп, «Қазақтың төл мүддесін көздейміз» деген Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитетінің төрағасы Ерден Қажыбектің мақаласын басса, «Жас алаш» газеті «Бір тілде сөйлемеген мемлекет ешуақытта біртұтас бола алмайды!» деп жазыпты.
«Литер неделя» газеті незінен өздерінің мыңыншы нөмірлерінің шығуына көңіл бөле отырып, «Исламның жасыл туы шарықтай түсті» деген мақаласында «Қазақстан өзінде 70 пайызымыз мұсылмандар дегенмен, өздерін мұсылман елдеріне жатқызбайтын тәрізді. Тіпті «Европаға жол» бағдарламасы да бар. Ал, мұсылман елдерінің өздері Қазақстанды қандай мемлекет деп қабылдар екен?» деп сұрапты.
«Кәрілік қуантпайды» деген мақаласында «Кеңестік кездері зейнеткерлер зейнетақысының жартысын сақтау кітапшасына салушы еді, ал қазір зейнетақыларының жартысы тұрмыстық төлемдерге кетеді» деген тұжырым жасапты.
«Айқын апта» газеті «Скинхедтерге тосқауыл қажет» деген мақаласында Қазақстанда да скинхедтер пайда бола бастағаны туралы жазыпты. Осы газеттің «Өкпе құрты өршіп тұр» деген мақаласында «Балтық елдерінде 100 мың адамға шаққанда 9 адам туберкулезбен ауырса, Қазақстанда 127 адам ауырады екен» деген дерек келтіріпті. Газеттің «Уран шаю тежелмесе, текті бұзады» деген мақаласында, автор: «уранды жер асты шаю әдісі, келешекте жер асты суы арқылы генге әсер етіп, халықты қырады» деген ескерту айтыпты.