Accessibility links

Астана әкімшілігі қоғамдық ұйымға наразылық шеруін өткізуге рұқсат берді


Астана әкімшілігі жер мәселесіне көңілі толмаған Астана тұрғындарына мың жарым адам жиналатын шеруге шығуға рұқсат берді. Дегенмен әкімшілік қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда шеру тоқтатылады деп ескертті. Және тәртіп бұзған адамдар заң бойынша жауап береді деп хабарлады. Бірақ, шеру ұйымдастырушыларының айтуынша әкімшілік өкілдері өздері іріткі салуы ықтимал.

Шеру ұйымдастырушылардың айтуынша митинг 3 күннен кейін жексенбі күні 6 сәуірде сағат 11 ден 3-ке дейін қала мәслихатының шешімімен бекітілген орында, яғни қылмыстық атқару жүйесі комитетінің артындағы ауданда өтеді. Бұл шеруге кем дегенде мың жарым адам қатысады деп күтілуде. Наразылық шарасына үйлерін күштеп бұзуға жатқызылған азаматтар қатысады. Және үлескерлер, Астана әкімшілігінде кезек тізімімен үй ала алмаған адамдар, мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекке ілінбеген қызметкерлер жиналады. Шеруге барамын деп дайындалып жүрген мемлекеттік қызметкер Ғазизат Имақова 2005 жылдан бері саяжайдағы үйім күреліп кете ме деп қорқып жүрмін, дейді.

Шеру ұйымдастырушылардың айтуынша әкімшілік шеру өткізуге рұқсат бергісі келмеген. Олар шеру өтетін жерде еріген қардың суы көп деген уәж айтқан. Кейін тұрғындар бәрібір сотқа шағымданатын естігенсоң рұқсатты кешіктіріп берген. Және оның өзіне бірнеше шектеу жазған. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қол қойған қағазда жазылғандай митинг туралы заңның 4,5,7 баптарына сәйкес, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда шеру сөзсіз тоқтатылуы тиіс. Наразалық шарасын тоқтатудан бас тартқан жағдайда ішкі істер органдары шара қолданады деп баса айтылған. Және осы заңның 9 бабы бойынша шеру тәртібін бұзған адамдар заңға сәйкес жауап береді деп ескертіледі. Ал, «Азаматтық қоғам» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Зәуреш Батталованың айтуынша полиция өздері іріткі салуы ықтимал. Бұған дейін олар наразылық акциясы болмайды тараңдар деп өтірік айтып шеруге жиналған тұрғындарды неге келдіңдер деп тергеуге салған. Және соңғы шеруге адамдарға су ататын жабдықтар дайындалып жатыр деген қауесет бар, дейді Батталова.

Мемлекеттік қызметкер Ғазизат Имақованың айтуыншада шеруге шығатын адамдарды алдын ала қорқыту бар.

Бірақ, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың бұл мәселеге қатысты көзқарасын ести алмадық. Оның хатшысы айтып өткендей, Аманшаев орнында жоқ болып шықты.

Ал, шеру ұйымдастырушыларының айтуынша Астанада жер телімдері мемлекеттік қажеттілікке деген желеумен тартып алынадыда ол орындарға коммерциялық саудаға арналған тұрғын үйлер салынады. Яғни, бұл жерде жемқорлық бар», дейді олар. Және күн жылыған сайын жер телімдерінен қуылғалы отырған тұрғындардың үйлеріне күрелу қаупі туады, дейді олар.
XS
SM
MD
LG