Accessibility links

Аустралия Ауғанстандағы миналарды жоюға 9 млн. доллар қаржы бөледі


СИДНЕЙ: Аустралия Ауғанстандағы жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналарды жоюға 9 млн. доллардан астам ақша бөледі. Аустралияның сыртқы істер министрі Стивен Смит ол туралы миналарға қарсы бүгін атап өтілетін Халықаралық күнге орай жариялады. С.Смиттің айтуынша, жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналар Ауғанстанның халқы мен экономикасына едәуір нұқсан келтірді. Аустралияның сыртқы істер министрі НАТО елдерін Ауғанстандағы қауіпсіздікті қорғау мен шаруашылығын қалпына келтіруге көмектесу үшін көбірек әскер жіберуге шақырды. Ауғанстанда Аустралияның шамамен 1 мың жауынгерлік әскері бар.
XS
SM
MD
LG