БУХАРЕСТ: Өзбекстан президенті И.Кәрімов НАТО-ның өз күштеріне қажетті әскери жабдыққа жатпайтын жүктерді темір жолмен Ауғанстанға Өзбекстан арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюға дайын. Бұл сөзін өзбек президенті НАТО елдері басшыларының “Бухарест саммитінде” айтты. 2005-інші жылғы “Әндіжан қырғынынан” кейін Батыспен арадағы қатынасы суып кеткен Өзбекстанның президенті Ауғанстанға бейбітшілік пен саяси тұрақтылықтың орнауы бүкіл Орта Азия аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?