Accessibility links

Ауғаныстандағы жанкештілік шабуылдан 4 полиция өкілі мерт болды


Бүгін Ауғаныстанның Хелманд провинциясында болған жанкештілік шабуыл кемінде 4 адамның өмірін қиды. Полиция басшысының айтуынша, жарылыс жасаушы аймақтық полиция көлігіне жақын келіп жарылғанда төрт полиция қызметкері құрбан болып, тағы үшеуі жараланған. Бұл жарылысқа жауапкершілікті талибан өкілі Юсуф Ахмади алатындықтарын айтты. Ауғаныстанның ең көп апиын көкнәр өндіретін аймағы Хельманд провинциясында халықаралық күштер мен бүлікшілер арасында қанды қақтығыс жиі болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG