Австралия 9 млн-нан аса доллар қаржысын Ауғаныстандағы жер асты миналарын тазалауға бөліп отыр. Сыртқы істер министрі Стефен Смитц бұл туралы бүгінгі халықаралық мина істері күніне орай айтты. Оның айтуынша, әлемде ұзақ жылдар соғыс құрсауында болған Ауғаныстанда жер асты миналары көптеген экономикалық әрі жекелей шығындар әкеп жатыр. Және Австралия сыртқы істер министрі НАТО елдерін Ауғаныстан қауіпсіздігі мен қайта құру істеріне көмектесу үшін көбірек әскер жіберуге шақырды. Австралияның бір мыңдай жасағы Ауғаныстанда қызмет етіп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV