Accessibility links

НАТО Украинаның мүшелікке өтуіне көмектеседі


Бүгін сондай-ақ, Яап де Хуп Схеффер НАТО Украинаның одаққа мүше болу жолындағы реформалары мен мүшелікке айналуын қолдайды деді. Кеше НАТО басшылары Украина мен Грузия НАТО мүшесі болады дегенмен, ол қадамдардың қашан болатынын айтпады және бұл екі елге мүшелікке өту жоспарын ұсынбады. Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко өз елі НАТО мүшелегіне өту жолындағы проблемаларды түсінеді деді.

“Біз НАТО-ның біздің елдің НАТОға мүшелікке өту жоспарына қол жеткізетін 2008 жылдың желтоқсанында сыртқы істер министрлері деңгейінде кездесу өткізу шешімін оң қабылдаймыз. Мен бұл кездесуде Украинаға НАТО-ға мүшелікке өту жоспары ұсынылады деп сенемін”, - деген Украина президенті.
XS
SM
MD
LG