Accessibility links

Астана мен Алматы қалаларының әкімдері жаңадан тағайындалды


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Алматы әкімі Иманғали Тасмағанбетов Астана әкімі болып тағайындалды. Алматыға әкім болып осы кезге дейін ауыл шаруашылық министрі болған Ахметжан Есімов келді. Ал, Астананың бұрынғы әкімі Асқар Мәмин «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті болды. Аталмыш компанияны басқарған Жақсыбек Құлекеев пара алды деген күдікпен осыдан 3 күн бұрын тұтқындалған болатын. Бүгін қаржы полициясы Жақсыбек Күлекеевке қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG