Accessibility links

Черногорияда бірінші президенттік сайлау өтуде


Бүгін Черногорияда президенттік сайлау өтіп жатыр. Бұл екі жыл бұрын Сербиядан бөлініп шыққаннан бергі елдің бірінші президенттік сайлауы. Сауалнамалар көрсеткендей, бүгінгі дауыс берулерде қазіргі билікте отырған социалистік демократиялық партия жетекшісі Филипп Вуянович жеңіске жетеді делініп отыр. Сондай-ақ, сайлауға либералды өзгерістер үшін қозғалысынан Небойша Медоевич, сербияшыл кандидаттар Андрия Мандич пен Сдржан Милич түсіп отыр. Сербиядан бөлінгеннен бері Черногорияның экономикалық қарқыны қатты күшейген. Жылдық экономикалық өсімі 8 процентке жетіп, шетелдік инвестициясы 2006 жылдан бері 1 млрд долларды құрап отыр.
XS
SM
MD
LG