Accessibility links

Сочи кездесуі шешуші болмағанымен, тараптар оптимизм танытып отыр


Бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джордж Буштың Сочидегі кездесулерінде екі жақты пікір қайшылықтар турасында бір мәмілеге келу болмағанымен, тараптар оптимизм танытып отыр. Путин Мәскеу әлі де Еуропаның шығысында АҚШ-тың зымыран қорғанысы жүйесін орнатпақ жоспарына қарсылығын жалғастыра береді дей келе, екі жақтың бір келісімге қол жеткізгеніне байланысты өздерінің “зерек оптимизмді” сезініп отырғанын айтқан.

“Бүгін біз тағы да американдық әріптестеріміздің олардың жоспарына қатысты біздің алаңдаушылығымызды түсініп қана қоймай, оны шын жүректен шешуге тырысуын көріп отырмыз. Бұл бірінші, ал екіншіден мен біздің соңғы келісімізге қатысты зерек оптимизм танытып отырмын. Менің пікірімше, онда жетістікке жету мүмкіндігі бар”, - деді Путин.

Ал Буш болса, Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылуына Уашингтон қолдау танытады деген.
XS
SM
MD
LG