Хабарларға қарағанда, Бағдадтың Садр аймағындағы шайқастар салдарынан жүздеген адам өз үйлерін тастап кеткен. Шиитердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садр жетекшілігіндегі Мехди Армиясының бекінісі болып табылатын бұл ауданда дүйсенбі күні шайқастар орын алды. АҚШ пен Ирақ күштері Мехди жасақтарымен өткен аптадан бері соғысуда. Полицияның айтуынша, Бағдадта орын алған қақтығыстардан кемінде 14 қарапайым тұрғын қаза тапқан, олардың тоғызы Садр ауданында мерт болған. Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики Моқтада әл-Садрды Мехди армиясын таратуға немесе саясаттан бас тартуға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV