Accessibility links

Олимпия алауымен әлемді аралау салтанатын болашақта тоқтатуды ресмилер қарастырмақшы


Халықаралық олимпиада комитеті басшыларының мұндай шешімге келуінің себебі, Қытайдың Тибеттегі басып-жаншу саясаттарына қарсылық білдіруші наразы топтар алау сапарына бірнеше рет тосқауыл қойып үлгерді. Париж көшелерінде шерушілер полициямен шайқасып жатқан тұста, ресмилер ол алауды бірнеше рет сөндіруге мәжбүр болды. Содан бір күн бұрын Лондонда бір шеруші олимпиада алауын бір сәтке тартып та алған болатын. Сан-Францискода сәрсенбіде болатын шеру барысында осыған ұқсас проблемалар болуы мүмкін деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG