Accessibility links

Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері бүгін келіссөздерін бастайды


Бүгін Түркіменстан астанасы Ашхабадта басталатын келіссөздерде Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселесі басты тақырып болады. Еуроодақтың сыртқы қатынастар жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Уалднер жетекшілігіндегі делегация Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан ресмилерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Ресейдің энергия көздеріне тәуелділігін азайту үшін Еуропа Одағы Орталық Азия аймағының мұнай мен газ байлықтарына қол жеткізгісі келеді. Халықаралық “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы Еуроодақты Орта Азия үкіметтерінен аймақтағы нашар адам хұқтары жағдайын жақсартуды талап етуге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG