Accessibility links

Сан-Францискода Олимпиада алауының эстафетасы өтті


АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Бейжиндегі жазғы ойындар үшін Олимпиада алауының эстафетасы өтті. Калифорния штатындағы бұл қаланың көшелерінде Қытайдың Тибеттегі саясатына наразылық танытушылар жиналды. Таяуда Тибеттегі халық толқуын Қытайдың басып-жаншуына байланысты наразылық танытқандар Лондон мен Парижде Олимпиада алауының эстафетасына кедергі жасаған соң, Сан-Францискода қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Оның алдында, АҚШ президенті Джордж Буш Қытайды Тибеттегі буддисттердің рухани көсемі Далай Ламаның өкілдерімен “диалог бастауға” шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG