Бүгін Ресейдің «Ведомости» және «Время новостей» газеттері Евродақтың кеңеюі жөніндегі комиссары Бенита Ферреро Волднердің Түркменстан президенті Гұрбангұлы Бердімұхамедов Набукко газ құбырына қатысуға келісті деген сөздерін келтірген. Евродақ бүгін Ашхабадта Орта Азия елдері сыртқы істер министрлерімен өткізілген екі күндік кездесуді қорытындылайды. Түркмен үкіметінің вебсайты Бердімұхамедовтың кездесуге қатысушыларға Түркменстан өзінің экспорттық жолдарын кеңейткісі келеді деп айтқан сөздерін келтірген. Набукко газ құбыры – табиғи газды Ресейді айналып өтіп, Европаға жеткізетін бірден бір құбыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV