Accessibility links

Қырғызстанда Қазақстанға жер берілуіне қарсы наразылық шеруіне қатысқан 50 адам тұтқындалды


«Азаттық» радиосы Қырғыз редакциясының хабарлауынша, оппозициялық үш саяси партияның өкілдері Қырғызстан үкіметінің Қазақстанға үш бөлек жер беру туралы келісімге келгеніне қарсылық білдіріп, шеруге шыққан. Полиция парламент алдына «Атамекен», «Ар-намыс» және «Жасылдар» партиясының ұйымдастыруымен рұхсат етілмеген шеруге шыққандарды күшпен таратқан. Алдағы сенбі күні Бішкекте оппозициялық партиялардың үлкен митингісі өткізіледі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG