БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Қытай астанасында өтетін Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатыспайды. БҰҰ баспасөз-хатшысының мәлімдеуінше, жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты Пан Ги-мун тамыз айында өтетін Бейжиндегі бұл рәсімге қатыса алмайды. Ұйым ресмилері мұны батыс елдерінің Тибеттегі Қытайдың саясатына қатысты сыни көзқарасымен байланыстырмады. Соңғы хабарға қарағанда, Олимпиада алауы Аргентина астанасы Буэнос-Айресқа жеткізілген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV