Accessibility links

“Үлкен-7” тобының қаржы министрлері әлем экономикасы қиын кезеңге тап болуда деді


Өнеркәсіптері дамыған үлкен жетілік тобы елдерінің қаржы министрлері әлемдік экономика қиын кезеңге тап болып отыр деді. Уашингтонда кездескен Үлкен жетілік тобының министрлері мен орталық банк басшылары ғаламдық қаржы базарындағы дүрбелең әлі де күрделі мәселе болып отыр деген. Бұл ұйым мүшелері әлемде экономикалық дағдарыс тудырған Құрама Штаттардың несие мен ипотека проблемаларының тағы қайталанып келуіне кедергі жасау үшін базар айқындығы мен бақылауды күшейту мақсатындағы жоспарды жүзеге асыру құжатын қабылдады. Бұл Үлкен жетілік тобына Құрама Штаттар, Британия, Франция, Германия, Италия, Жапония және Канада кіреді.
XS
SM
MD
LG