Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте елдегі оппозициялық партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдары және басқа да зиялы қауым өкілдерінен құралған екі мыңдай адам жиналып, халық құрылтайын өткізді. Бұл кездесуді бірнеше оппозициялық партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың Қоғамдық парламенті ұйымдастырып отыр. Құрылтайға қатысушылар қазіргі парламентті таратып, ел конституциясын жарамсыз деп тануға шақырған 9 баптан тұратын қарар қабылдады. Қырғыз билігі бұл талаптарды қабылдамай, конситутцияны өзгерту мәселесі тек референдуммен ғана шешіледі деп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV