БРЮССЕЛЬ: Түркіменстан Еуропа Одағы елдеріне жыл сайын 10 млрд. текше метр табиғи газ экспорттап тұратын болды. Ол туралы “Financial Times” газетіне берген сұхбатында Еуропа Одағының сыртқы қатынастар бойынша арнаулы өкілі Бенита Ферреро-Вальднер хабарлады. Өз кезегінде Еуроодақ Түркіменстаннан газ құбырын тартуға және түркімен елінде жаңа газ көздерін барлауға инвестиция бағыттайды. Ресейдің газына деген тәуелділіктен құтылуды көздеген ресми Брюссель Орта Азияның газын тасымалдаудың балама жолдарын қарастырып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
АҚШ комиссиясының есебі
Қазақстанда дін еркіндігі қалай өзгерді?
-
Зерттеу авторларымен сұхбат
"Нашар байланыс" немесе Қазақстанның телекоммуникация саласындағы жемқорлық
AzattyqTV