ТЕҺРАН: Иранның адамның құқын қорғаушы қайраткері әрі Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Шырын Эбади ханым тағы да өзінің өміріне қатер төнгенін мәлімдеді. Белгілісіз қаскүнемдер Шырын ханым отыратын кеңсенің есігіне “Өлімге әзірлен!” деген жазуы бар қағазды қадап кетіпті. Оның сөзіне қарағанда, өзі мен туған-туысқандарын жиі қорқытып-үркітетін болды.