КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар өлкесінде тәліптердің тосын шабуылынан 11 полицей құрбан болды. Жергілікті полицияның айғағы бойынша, полицейлердің бірі тәліптермен ауызжаласқан көрінеді. Ол полицияның бақылау-өткізу постына күтпеген жерден тәліптерді кіргізіп, олар бейқам отырған полицейлерді қырып салған. Бүгін, сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздік күштері хабарлағандай, кеше Ауғанстанның оңтүстігінде болған жарылыстан НАТО-ның 2 жауынгері қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты