БАҒДАД: Бүгін Бағдадта 11 адам қаза тапты. Ирақтың қауіпсіздік қызметі мен дәрігерлердің хабарлауынша, қаланың орталығында полицияның көлігін нысанаға алған жол бойындағы бомбаның жарылысынан 5 бейбіт тұрғын мерт болып, 9 адам, оның ішінде 2 полицей жараланды. Ал АҚШ әскері хабарлағандай, кеше күн батқанда Бағдадтың шығысында шейттердің қарулы тобына қарсы шайқаста АҚШ әскері “6 қылмыскердің” көзін жойды. Шейт жасақтарына қарсы шайқас сәуірдің басынан бері жалғасып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?