Accessibility links

Италияның солшыл орталық блогының жетекшісі сайлауда жеңіліс тапты


Валтер Велтрони басты бәсекелесі Сильвио Берлускониге телефон шалып, өзінің жалпы сайлауда жеңіліске ұшырағанын мойындайтындығын айтқан. Италияда екі күнге жалғасқан жалпы сайлаудың алғашқы нәтижелері Берлусконидің Орталық оңшылдар партиясының парламенттің қос палатасында да басым дауысқа ие болғанын көрсеткен. Берлусконидің партиясы төменгі палатада 46,5 дауыс алса, Велтронидің партиясы 37,7 процент дауыс алған. Ал жоғарғы палатада Берлускони 47,2 дауыс, Велтрони 38,1 процент дауыс жинаған.
XS
SM
MD
LG