Accessibility links

БҰҰ мен Ақ үй азық-түлік тапшылығына алаңдайды


АҚШ президенті Дж.Буш ғаламдық азық-түлік тапшылығына терең алаңдаушылық танытып, өз кеңесшілерінен Америка бұл мәселені шешуге қалай көмектесе алатынын қарастыруды сұрады. Ақ үйдің баспасөз өкілі Дана Перино Буш проблеманы үкімет мүшелерімен талқылап, азық-түлік тапшылығынан шығу үшін дамыған елдер жауапкершілікті сезініп, қол ұшын беруі тиіс деп айтты деген. БҰҰ-ның Бас хатшысы Бан Ки Мун ұзақ мерзімге арналған астық өнімдері саясаты ашаршылық пен азық-түлік бағасының өсуін болдырмауы тиіс деп атап өтті.
XS
SM
MD
LG