Біріккен Араб Әмірліктері мен Грузия арасында қол қойылған келісімге сәйкес, араб елі Поти портында салынатын Дубай тәріздес демалыс орнын қаржыландырмақшы. Ресмилердің айтуына қарағанда, жобаға 200 миллион доллардан астам инвестиция тартылып, 15-20 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Грузия президенті Михаил Саакашвили теледидар арқылы сөйлеген сөзінде бұл аймақты Грузия экономикасының ғажайыбы ретінде көргісі келетінін айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?