Accessibility links

Қазақстанның астық экспортына тыйым салуы ауыл шаруашылық өнімдерін қымбаттатты


Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елден астық шығарып сатуға 2008 жылдың қыркүйек айына дейін уақытша тыйым салды. Қазақстан астық экспортына тыйым салатынын жариялағаннан бастап, әлемнің тауар биржаларындағы ауылшаруашылық өнімдері күрт қымбаттап отыр деп, Ассашейтед пресс агенттігі Нью Йорктен хабарлады. Тағы басқа тауарлардың ішінде бір баррелі 114 доллар болып қымбаттаған мұнай шикізатымен қатар, алтын, күміс және тағы басқа қымбат металдардың бағасы да көтерілді. Ішкі бағалардың өсуін ауыздықтау үшін жылына 20 млн тонна астық өндіріп, оның 2/3-ін экспортқа шығарып келген Қазақстан енді осындай қадамға барып, астығын сыртқа шығаруды тоқтатты.
XS
SM
MD
LG