Accessibility links

Адам хұқтарын қорғаушылар қамаудағы Түркмен белсендісінің емделуден бас тартқанын айтады


Әмнести интернэшнл 2004 жылы өзі еңбек еткен мұнай орнында талан тараж бен ұрлыққа жол берді деген айыппан ақпан айында тұтқындалған 59 жасар Валерий Пол денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерлердің қарауынан, ем қабылдаудан бас тартып отыр деп мәлімдеді. Түркмен сыртқы істер министрі мұндай жайттан бейхабар екендігін және бұл ақпаратты тексеретіндігін айтқан. Әмнести интернэшнл тобы айыпталушы Валери Полдың бірқатар әлеуметтік мәселелерге байланысты бейбіт шерулерге қатысқан болатын дейді.
XS
SM
MD
LG