Дамаскідегі Хамас тобының жоғарғы өкілі, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Хамастың қуғындағы жетекшісімен екінші күн кездесіп жатыр деп хабарлады. Хамас өкілінің айтуынша, экс-президент Картер мен Хамас жетекшісі Халед Мишял Израйлмен арада тұтқындарды ауыстыру мүмкіндіктері мен Хамастың бақылауындағы Газа аймағына Еврей елінің торуыл құруын тоқтату мәселесін талқылап жатыр. Бүгінгі кездесу олардың кешегі төрт сағаттың сөйлесулерінің жалғасы болып отыр. Картер Хамас тобымен келіссөз жүргізіп отырған ең белгілі американдық. Құрама Штаттар, Израйл және Еуропа Одағы Хамасты террорлық топ ретінде қарап, онымен тікелей келіссөз өткізуден бас тартып келген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі