Бүгін Бағдадтың шииттер аймағында АҚШ және Ирақ күштері мен шиит жауынгерлері арасындағы қақтығыс күшейе түсті. Сонымен қатар, Басра қаласында Британия және АҚШ-тың тікұшақпен қолдауымен ирақтық әскерлер радикалды шиит жетекшісі Моқтада әл Садрдың күштері орналасқан Хаяния ауданын атқылады. Ирақ полициясы мен шиит жауынгерлері арасындағы қақтығыстар өткен түнде Насирия қаласында да орын алды.