Accessibility links

Асхат есімді студент жігіттің өзі құралыптас азаматтар жайында


- Базарда арба итеріп, жүк тасып жүрген балаларды көргенде менің жүрегім ауырады. Өйткені олай болмауы керек, әр қазақ жақсы өмір сүруі керек деп санаймын. Мүмкін олардың қазір, басқа біреулермен салыстырмалы түрде алғанда, білімі аз, ой-қабілет деңгейлері кемшіндеу болып көрінер, бірақ мемлекеттің көмегіне сүйенбей-ақ өзін асырауға жеткілікті дәрежеде дер едім.

Әйткенмен олардың ары қарай өмірде не күтіп тұр, бала-шағаларын қалай болады, қазір олар ешқандай қызық көріп жүрген жоқ. Менің өз байқағаным, қазір бізде тұрмысы нашар тұратын адамдар өте көп. Айталық, міне қазір Алматының саябағында жақсы әңгіме шертіп отырмыз, ал ана Оңтүстік Қазақстанда, басқа да аймақтардағы ауылдарда жағдай өте нашар.

Біздің халықтың бірінші проблемасы – менталитеті дер едім. Егер айталық қазақтың менталитеті ана жапонның не Оңтүстік Корей тұрғынының менталитеті секілді болса біздің тұрмыс жағдайымыз қазіргіден мүлдем басқаша болар еді, тіпті Американы басып озбасақ та оған қазіргіден көшілгері жақындай түскен болар едік деп ойлаймын.

Қазақстанның әрбір тұрғыны қазіргі жаңа ғасырға лайықты өмір сүруі керек. Өйткені біздің адамдардың жақсы өмір сүруіне жүз пайыз мүмкіншілік бар деп санаймын, себебі еліміздің территориясы ұлан-байтақ, оның қойнауы тұнған байлық, халық саны болса аз. Ал сол елдің жақсы тұру мәселесін мемлекет шешуі керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG