Accessibility links

Алматының көк базары маңында тіленшілікпен күн көріп, бес баласын асырап отырған Айман есімді әйелдің пікірі


- Жай жұмыскер үшін зауыт-фабрика жоқ қазір. Жұмыстан не үшін қашады? Мысалы, мен жас күнімде училищеден кейін Семейдегі ет комбинатына жұмысқа алғаш кірген кезде бізге бірден жатақхана берді, баспанадан қысылған жоқпыз. Егер мен сол кезде күйеуге тимей жұмыс істеп жүрге бергенімде сол жерден үй алар едім. Ал қазір ешкім жұмысқа ұмтылмайды, себебі, үй бермейді бұрынғы кездегідей. Қай жерде ақша көп береді дегенмен ар-ұятты да ұмытып бара жатыр ғой жұрт қазір, өйткені күнкөріс қиындап кетті.

Мысалы менің бес балам бар, кім көрінгеннің босағасында жүрмін, екі қызымның құжаты жоқ, баспана зарымен талай есікті қақсам да өкімет орындарынан қолдау көрмедім. Өз Отанымда осылай қаңғып жүргеніме жүрегім ауырады. Әйтеуір, халқыма рахмет, солардың арқасында өлмес күнімді көріп жатырмын. Біреу үш теңге, енді біреу бес теңге береді.

Әркім әрқалай түсінеді біздің өмірімізді. Менің күйеуім, енді шыны керек, бір келеді, бір кетеді бізден, бірақ енді күйеуім тастап кетті деп мен де баламды жетімдер үйіне тастамаймын ғой, себебі мен – анамын. Менің туыстарым маған «әкесі тастап кеткен баланы қайтесің асырап әуре боп» дегенді де айтты. Мен осы балаларым үшін әлгіндей сөзінен соң туыстарымнан суыдым. Өйткені, тапқан соң бұл балаларды өзім бағуым керек!

Мысалы, мына теледидадан көріп жатырмын қазір, кейбіреулер жетімдер үйінен балаларды алып алады да, «жетім бала» дейді. Неге айтады оны жетім деп? Ол өзі асырауына балам деп алған соң өйтіп айтпау керек қой, ондай сөз баланың психологиясына әсер етеді. Мысалы, маған үй берім қарауыма 20 не 30 бала берсінші – мен де бала бағар едім, бірақ та ешкімге оларды «жетім» дегізбес едім. Егер өйтіп айтатын болсаң ол сенің балаң емес, үкіметтің, халықтың баласы.

Құрметті президентімізге, егер ол кісі естімесе қасындағыларына, ана парламентте отырғандарға жетсе, айтарым – мына қайыршылық, ұрлық ешқашан да жойылмайды, ең бірінші қарапайым халыққа қолдау болмаса.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG