Осы отырыста Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлімдегендей, республика бейресми топ арқылы тәуелсіз және ашық кеңес алуға мүдделі.
«Біз ұйымдағы достар тобын құрғымыз келеді, бұл дербес елдердің одақтас бірлестігі емес, мұндағы сарапшылар ресми міндеттемелер және пікірталасы көп қызығушылықтармен байланбаған», - деді Тәжин.
Биліктің пікірінше, ұйымға төрағалық ету елдің халықаралық беделін көтереді. Демократиялық ел екендігі мойындалады. Бұған дейін елге келген ұйым төрағалары сынның сыртында Қазақстан басқа мемлекеттерге этникалық және ұлтаралық келісім үлгісі бола алады, деген пікірлерін білдірген. Ел тәуелсіздік алғалы, нарықтық экономика бағытындағы көптеген реформалар жасалған деген пікір бар. Жергілікті билік біз өлім жазасынан бас тарттық, бұл адам қорғаудағы үлкен табыс, деп бағалаған. «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің айтуынша, Қазақстан ұйымға төрағалық еткенсоң көптеген жетістіктерге қол жеткізе алады.
Ал, шығыстанушы Бекқожа Жылқыбекұлы Қазақстанның экономикалық өрлеуі жақсы болғанымен, әттеген-айлары да бар екенін айтады.
Оппозиция ұйымның Қазақстанды қолдағандығына түсінбестік білдірді. Алайда, оппозициялық сарапшылардың пікірінше Қазақстан ұйымға төрағалық еткен соң авторитарлық режимді бәсеңдетіп, демократиялық үдерістерді мойындауына тура келеді.
«Төраға болған соң Қазақстанға сөз бостандығы және еркін пікір айту бостандығы керек. Қазақстан адам құқықтарын сақтау жөніндегі халықаралық талаптарды орындауға тиіс», дейді сарапшылар. Біріншіден, сайлау туралы, екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң халықаралық ұйымдардың талаптарына сай келмейді, дейді оппозиция өкілдері. Билікте болған саясаткер Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, қайлай болса да ұйымға қосылған Қазақстанға тиімді.
Радикалды емес оппозицияға жатқызылып жүрген «Ақжол» партиясының Астанадағы филиалының төрағасы Қалиахмет Бимахимовтың пікірінше, ұйымға төраға болған соң ештеңе өзгермейді.
Бұған дейін Қазақстан кандидатурасын қолдамай келген Армения көзқарасын өзгерткен. Елдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан Қарабақ жанжалына қатысты нейтралды позицияны ұстанады деген болатын.
Литва мен Польша Қазақстанды қолдайтындығын хабарлаған. Қазақстанға ұйымға төрағалық етуге көмектескен Ресей тарабы сарапшыларының пікірінше, Батыс Қазақстанды ұйымға кіргізіп демократиялық талаптар қою арқылы елді қадағалау мүмкіншілігін алмақ. Себебі, Батыстың мақсаты - демократия емес, мұнай-газ ресурстары, дейді олар.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық ететіні белгілі. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 56 мемлекет мүше. Ұйымның адам құқығы және демократияландыру, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы және жанжалдарды болдырмау мен дағдарысты реттеу сияқты және басқа да мақсаттарды көздейтін 18 миссиясы бірнеше елде жұмыс істеп келеді.