АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс кеше Ирақта сөйлеген сөзінде Ирақ имамы Мұқтада Әл-Садрды кекетіп, сын айтты. Кондолиза Райс Бағдадқа аяқ астынан келген болатын. Мұқтада Әл-Садрдың "Махди" әскері Ирақ әскеріне бой бермей келеді, Мұқтада Әл-Садр АҚШ пен Ирақ әскерлері "Махди" әскеріне қарсы шабуылдарын тоқтатпаса ашық соғысқа көшемін деп ескерткен. Кондолиза Райс Мұқтада Әл-Садр өз жақтастарын себепсіз ажалға итеріп отыр деп мысқылдады. Кондолиза Райс Ирақ президенті Жалал Талабанимен, Ирақ бас министрі Нури Әл-Мәликимен кездесті.