Accessibility links

Парагвай мемлекетінде бір партияның дара билігі тоқтауы мүмкін


Оңтүстік Америкада орналасқан Парагвайды "Колорадо" партиясы 60 жылдан аса бір өзі билеп келеді. Алайда президент сайлауында дауыс беру күні жасалған әлеуметтік зерттеу көпшілік дауысты оппозициялық партияның басшысы, Рим католиктерінің бұрынғы бишопы Фернандо Люго алуы мүмкін деп көрсетті. Билік басындағы "Колорадо" партиясының кандидаты Бланко Овелар ханым одан сәл ғана қалып отырса керек. Ол жеңіске жетсе – Парагвай президенті боп сайланған тұңғыш әйел болмақ.
XS
SM
MD
LG