Accessibility links

"Хамас" басшысы Палестина 1967 жылы Израиль басып алған жер көлемінде құрылсын дейді


"Хамас" партиясының басшысы Халид Мишаал Палестина мемлекеті 1967 жылы Израиль басып алған жер көлемінде құрылсын, бұған келісіміз, бірақ Израиль мемлекетін мойындамаймыз деп мәлімдеді. "Хамас" басшысы бұл сөзін Дамаск қаласында АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картермен кездескен соң айтты. Джимми Картер өз кезегінде "Хамас" басшысы Палестина мемлекетінің шекарасын белгілеу, Израиль мемлекетін мойындау мәселесінің референдум арқылы шешілгенін қалайды дейді. АҚШ үкіметі мен Израиль үкіметі "Хамаспен" ешқандай келіссөз жүргізбейді, Джимми Картердің араағайындық қызметіне сын айтқан.
XS
SM
MD
LG