Accessibility links

Өзбекстан президенті Астанадағы денсаулық сақтау мекемесімен танысты


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ресми сапармен болған Өзбекстан президенті Ислам Каримовке республикалық ғылыми нейрохирургия орталығын көрсетті. Өз кезегінде Каримов, біздегі заманауи көмектерге мұқтаж адамдарға ем көрсететін осындай бірегей орталықтың Орта Азия елдерінде де салынғаны дұрыс деген. Ал, Қазақстан президенті бүкіл қазақстандықтар үшін жұмыс істейтін бұл денсаулық қаласы қажет болса өзбекстандықтар үшін де қызмет көрсетуге дайын деген. Қазақстан президентінің атап көрсетуінше, бұл орталық Астананың 10 жылдығына орай ашылады.
XS
SM
MD
LG