Бүгін Армения Осман империясы кезінде жаппай армяндардың қырылуын атап өтуде. Армения оны “геноцид” деп атайды. Бірақ Түркия сол кезде армяндардың өлтірілуі геноцид болмаған дейді. Осы дау екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына ең үлкен кедергі болып келеді. Бүгін Ереванда сөйлеген сөзінде президент Серж Саркисян Түркияның қарсылығына қарамастан Армения халықаралық қауымдастықты сол кездегі армяндардың өлтірілуін геноцид деп мойындауға шақыруларын одан әрі жалғастыратын болады деп мәлімдеді. 20-дан астам мемлекет армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп мойындаған, олардың ішінде Ресей, Германия, Франция және Германия елдері бар.