Accessibility links

Ирақ үкіметі Басрадағы бақылауға қол жеткізді


Ирақ үкімет күштері Басрадағы бақылауды қайтадан өз қолына алды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Абдел Карим Халаф хабарлады. Оның айтуынша, қазір Басраның барлық аймақтары қауіпсіздік күштерінің бақылауында. Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласындағы бақылауды өз қолына алу үшін үкімет күштері шиит жауынгерлерімен бір ай бойы шайқасып, оның салдарынан жүздеген адам қаза тапқан болатын. Әлгі жауынгерлердің көбі шииттердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садрдың жақтаушылары болып табылады.
XS
SM
MD
LG