Ресей бұқаралық ақпарат құралдары біреуге саналы түрде жала жапса бұдан былай жабылып қалуы мүмкін. Ресей парламентінің төменгі палатасы Мемлекеттік Дума бүгін осындай ереже еңгізетін заң жобасын талқылайды. Жобаны Ресей президенті Владимир Путиннің қоластындағы "Біріккен Ресей" партиясының депутаты ұсынды. Заң жобасы мақұлданса – онда Ресейде бұқаралық ақпарат құралдарын жабуға негіз боп табылатын себептердің тізімі кеңейеді. Мәселен, қазіргі заң бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік құпияны ашып қойғаны үшін, не болмаса экстремистік мәлімдеме жасағаны үшін жабылуы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV