Accessibility links

Сербия президенті пасха күнінде сербтермен бірге мінәжат ету үшін Косовоға келді


Сербия президенті Борис Тадич православтардың пасха күнінде сербтермен бірге мінәжат ету үшін Косовоға келді. Тадичтің бұл сапарын Косоводағы БҰҰ-ның миссиясы мақұлдаған болатын. Бірақ, Косовоның этникалық албандар жетекшілері Сербия президентін бұл сапарын саяси мақсатқа пайдаланбауға шақырған. Сербия ақпан айындар жариялаған Косовоның тәуелсіздігіне қарсылық танытуын жалғастырып келеді. Косовоның тәуелсіздігін 40 мемлекет мойындады. Оның ішінде Құрама Штаттар, Канада, Жапония және Еуропа Одағының көп елдері бар.
XS
SM
MD
LG