Accessibility links

Бейжин олимпиадасының алауы Оңтүстік Кореяға келді


Бүгін әлемді шарлап жүрген олимпиада алауының эстафетасы Оңтүстік Кореяға келгеніне байланысты, мыңдаған қытайлық Бейжин олимпиадалық ойындарын қолдап, Сеулдың орталығына жиналды. Қытайға қарсы белсенділердің алау эстафетасын бұзуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болды. Сеулде олимпиада алауын күзетуге 8 мыңдай полиция күші орналастырылған. Оңтүстік кореялық кейбір белсенділер Қытайдың Тибеттегі көтерілісшілерді басып тастағаны мен солтүстік кореялық босқындарды еліне қайтару саясатына қарсылық танытып, алау эстафетасына кедергі жасайтындарын айтқан.
XS
SM
MD
LG