Accessibility links

Олимпиада алауын қабылдаған Жапонияда тәртіп бұзғандар қамалды


Бүгін Жапония Бейжин олимпиадалық алау эстафетасын қабыл алды. Осыған байланысты елдегі қарсылық танытушы азшылық топтардың көтерілістеріне тосқауыл қойылды. Көптеген полиция күштерінің қолдауымен алау 1998 жылы қысқы олимпиада ойындары өткен Нагано қаласына апарылды. Хабарларға қарағанда, алауға шабуыл жасап, оны өшірмек болған 3 адам қамауға алынған. Азшылық топтардың қақтығысы қытайшыл әрі тибетшіл шерушілер арасында да орын алды. Онда төрт адам жараланған.
XS
SM
MD
LG