«Егемен Қазақстан» газеті «Халықаралық қаржыгерлер берген оң баға» деген мақаласында, кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдерімен кездескені туралы жазады. Онда Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясы басшысының міндетін атқарушы Николь Лафрамбуаз: «Қазақстан экономикасының даму перспективасы жөніндегі біздің болжамымыз елдің ресми органдарының болжамдарымен сәйкес келеді. Инфляцияны төмендету мақсатында қабылданған шаралар өз міндетіне сәйкес орындалуда. Біз инфляция деңгейі жылдың соңында 10 пайыздан төмендейтінін болжап отырмыз», – деп мәлімдепті.
«Айқын» газеті осы тақырыпты «Қазақстан экономикадағы сауаттылығын әлемге дәлелдей алды» деген мақаламен жалғастырыпты. Онда Халықаралық Валюта қоры (ІMF) «Қазақстан басшылығы әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстың ықпалымен өрбіген оқиғалардың барысын оңтайлы әрі өте сауатты басқарып отыр» деп бағалағаны туралы айтылады.
Ал NOMAD.SU интернет сайты Standard & Poor"s рейтінгтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтінгін «Тұрақты» деп бағаланатын деңгейден «Теріс» деңгейге түсіргені туралы жазыпты.
«Айқын» газеті Қазақстандағы қылмыстық ахуалға тоқталыпты. Осы тақырыпта «Сотқарлар полицейлерді сойылға жықты», «Бір аптада 46 адамды өлтіріп кетті», «Жол бермеген жігітті балталап тастады» деген мақалалар басылыпты. Сонымен қатар, «Айқын» газеті мұнай-газ кендерін зерттеуші ғалым Мейрам Маемармен болған ауқымды сұхбатын маманның сөзімен: «Қашағанды қазір игеру қателік, бұл, негізі келешектің ісі еді...» деп атапты. Онда маман «Қашаған кен орнын қазір игеру - теңіздің экологиясына өте қауіпті. Сондықтан оны - техникасы дамыған болашаққа қалдырған дұрыс» деген ой айтады.
Бірқатар басылымдар Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың «Интерфакс - Қазақстан» агенттігіне берген сұхбаты туралы жазыпты. «Время» газеті ҰҚК төрағасы ел президентінің бұрынғы күйеу баласы, қазірде шетелде бас сауғалап жүрген «Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комиетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевтың сот ісінің қыр-сырын қалың көпшілікке жария ету осындай оқиғалардың алдағы уақытта қайталанбас үшін жасалып жатқан шара» деп айтқаны туралы жазса, «Айқын» газеті «Шабдарбаев «Әлиев ісінің» шаңын қақты» деген мақаласында Шабдарбаевтың «Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін істі болған Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың өздерін қуғын көргендер ретінде көрсетуге тырысқан әрекеттері сәтсіз болады» деп мәлімдеп, «сыртта жүрген Әлиевтің мұртын балта шаппағанымен, оның елдегі негізгі қаржылық базасының жолы кесілгенін», «Рахат Әлиевтің интернетте тарап кеткен кітаптың авторлығын арнайы қызметке қатыстырып, қарастыруы түсініксіз, ҰҚК-нің кітапқа ешқандай қатысы жоқ» екендігі туралы айтқанын жазыпты.
«Время» газеті жақында «Нұрбанк» ісіне байланысты сотталған Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Самалиховтың жақтаушысы Гүлнар Сұлтанованың «Әубәкіровтың балалары бар да, Самалиховта - мысықтар ма екен?» деген, наразылық хатын жариялапты. Онда «Нұрбанк» ісіне байланысты тергеу жүргізген қаржы полициясы Бауыржан Әубәкіровты соттаған Медеу аудандық соты 28 сәуір күні «оның жас балалары бар екенін ескеріп, үш жылға шартты түрде соттап, сот залынан босатып жібереді. Сонда Самалиховта балалары жоқ па екен? Бірдей сот ісі бойынша сот үкімінің екі түрлі болғаны еш логикаға сиымсыз» деп айтқаны туралы жазыпты.
«Егемен Қазақстан» газеті «Халық саны. Оны қайтсек көбейтеміз?» деп сұрапты. Ал «Аргументы и факты – Казахстан» апталығы «Сандар лабиринтінде» деген мақаласында «2030 жылы біздер 25 миллион бола аламыз ба? Ал оның қажеті бар ма?» дей отырып, «шөл және шөлейт далаға адамдардың аз қоныстануы заңды да» деген ой айтыпты.
«Время» газеті «Нәрестелер қырғыны» деген бас мақаласында «Алматы денсаулық сақтау департамент басшысының көзжұмбалығымен перзентханалардағы нәрестелер өлімін жасырып қалу оқиғалары бар» деген тұжырым жасапты.
«Айқын» газеті осы тақырыпты «Дертіңе дерт жамайтын аурухана көп» деген мақаламен жалғастырыпты.