Ауғанстанның ұлттық барлау мекемесінің басшысы бүгін Кабулда лаңкестерге қарсы жүргізілген рейдте 7 адамның опат болғанын хабарлады. Әмруллаһ Салехтың мәлімдеуінше, бұл операцияда 2 террорист, жанкештілік шабуыл жасағысы келген бір әйел, сондай-ақ, бір бала мен Ауған қауіпсіздік күштерінің 3 мүшесі қаза тапқан. “Талибан” баспасөз-хатшысының хабарлауынша, өлтірілген екі жауынгердің демалыс күндері жасалған шабуылға қатысы бар. Айта кету керек, әскери парад кезінде орын алған ол шабуылдан президент Хамид Қарзай аман қалған болатын.