Accessibility links

Пентагон Иранға қарсы соғыс операциясын жоспарлау туралы бұйрық алмағанын айтады


ВАШИНГТОН: Терроризмді қолдау - Иранның мемлекеттік саясаты. АҚШ осылай деп деп есептейді. Мемлекеттік департаменттің жылдық баяндамасында атап көрсетілгендей, Теһран Ирақтағы шейт бүлікшілерін, сондай-ақ Ливандағы экстремистік “Хизболлаһ” ұйымы мен Палестинадағы бітіспес “ХАМАС” тобын қолдап келеді. Сонымен бірге АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Иранға қарсы соғыс операциясын әзірлеп жатқанын теріске шығарды. Пентагоннның стратегиялық жоспарлау бөлімінің жетекшісі генерал Джон Сэттлер осындай операцияны жоспарлау туралы ешқандай бұйрық келіп түспегенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG