Accessibility links

Мамырдың 1-інші күні Бағдад қаласында 9 адам қаза тапты


БАҒДАД: Бүгін Бағдадта болған жарылыстан 9 адам қазаға ұшырап, 23 кісі жараланды, бастапқы мәліметке қарағанда, барлығы да жергілікті тұрғындар көрінеді. Бомба орнатылған автокөлік АҚШ әскерінің патрулі келе жатқан жолда жарылды. Кеше Ирақ үкіметі жариялаған мәліметке сәйкес, сәуір айында Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі қантөгістен 968 кісі құрбан болып, бұл - өткен жылдың тамызынан кейінгі ең көп адам шығыны болып отыр. Сәуір айында Ирақта АҚШ әскері 49 жауынгерінен айрылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG