Таяу Шығыс квартетінің бейбіт делдалдары Израильді Батыс Жағалауда қоныстар салуын тоқтатуға шақырды. Бұл туралы БҰҰ бас-хатшысы Пан Ги-мун Лондонда БҰҰ, АҚШ, Еуропа Одағы және Ресейден құрылған квартет өкілдерімен кездесуінен кейін хабарлады. Пан Ги-мун сондай-ақ Араб елдерін Палестина Автономиясына қаржылай көмектесу жөніндегі уәделерін орындауға шақырды. Бүгін кешірек АҚШ мемлекеттік-хатшысы Кондолиза Райс Лондонда Палестина және Израиль басшыларымен келіссөз өткізбекші.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?