Ресей мен АҚШ бүгін ядролық энергия ынтымақтастығы жөніндегі келісімге қол қояды деп күтілуде. Бұл туралы Ресей мен АҚШ елшілігінің ресмилері хабарлап отыр. Бұл келісім қырғи-қабақ соғысы кезіндегі бұрынғы жау екі мемлекеттің реакторларды дамыту мен ядролық материалдарды сақтау және тасымалдауға қатысты бірлесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. 2006-шы жылғы саммитте, АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путин өз үкіметтерінен осы келісімнің жасалуына әрекет етіңдер деп сұраған болатын. Бірақ оған кей АҚШ конгресмендері қарсы болған-тұғын.