Астанадағы бір әскери бөлімшенің асханасында 67 әскери қызметкер тамақтан уланды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл оқиға дүйсенбі күні орын алған, әскери қызметкерлердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық және олар дәрігерлердің бақылауында. №68665-ші бөлімшедегі азаматтардың нақты неден уланғандығы анықталып жатыр, дейді министрліктің ресмилері.